Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
Сіз әлі МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған болсаңыз, Сізге қандай көмек түрлерін тегін көрсетіледі? Мемлекет тегін медициналық қызмет пакетінде (ТМККК) әрбір адамға кепілдік бергендіктен Сізге бастапқы және шұғыл медициналық көмек міндетті түрде көрсетіледі:
- жалпы тәжірибе дәрігерінің (учаскелік дәрігер/терапевт) қабылдауы және кеңесі;
- дені сау ересектерді профилактикалық тексеру - онкопатолгияны (жатыр мойны, сүт бездері және тоқ ішек қатерлі ісігі) ерте анықтауға арналған скрининг;
- салауатты өмір салты және репродуктивті денсаулық жөнінде кеңестер;
- негізгі зертханалық және диагностикалық зерттеуер (қаннң, зәрдің жалпы анализі, қанның биохимиялық анализі, ультрадыбыстық зерттеу, ЭКГ және т.б.).
МӘМС пакетіне кіретін медициналық қызметтер туралы ақпаратты 1406 нөміріне қоңырау шалып Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан немесе қордың www.fms.kz сайтынан білуге болады.