Ашық есік күні
2020 жылдың 22 ақпанында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 1 қалалық емхана» ШЖҚ МКК-де «Ашық есік күні» өтеді. Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бастаған игі бастама аясында ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған көп балалы аналар және ата-аналар, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтары кешенді медициналық тексеруден (check-up) өтеді деп жоспарланып отыр. Ашық есік күні терапевт, жалпы тәжірибе дәрігерлерінің және салалық мамандардың қабылдауында болуға, маммографиядан өтуге және т.б. медициналық көмек түрлерін алуға болады.
Мекен-жайымыз: С. Сейфуллин к-сі, 28, М. Әуезов к-сі, 24, Республика даңғылы, 40.
Байланыс телефоны: 32-35-11, 32-65-11, 32-60-04