Астана қаласы әкімдігінің "№ 1 қалалық емхана" ШЖҚ МКК

Қазақстан, Астана, Сейфуллин к-сі, 28
+7 (7172) 39 99 78
+7 (7172) 22 68 04
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

Маңызды Ақпарат


Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту қағидаларын бекіту туралы» № ҚР ДСМ-194/2020 бұйрығына сәйкес "МСАК көрсететін медициналық ұйымға бекіту" тікелей жүгінген кезде ұйымның бірінші басшысының атына жазбаша нысанда өтінімді ресімдеуге тиісті құжаттары болған жағдайда мынадай жеке тұлғалар бере алады:

      1) зейнеткерлер;

      2) мүгедектер;

      3) бала кезінен мүгедек баланың заңды өкілдері, сондай-ақ қорғаншылар немесе қамқоршылар, патронаттық тәрбиешілер және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес балаға қамқорлық жасауды, білім, тәрбие беруді, баланың құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын басқа да оларды алмастыратын адамдар (заңды өкілдер);

      4) сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген, колонияларда өтеп жүрген сотталғандар (өтеу орны бойынша), өңірлердің "Денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының бұйрығымен құрылған "Бекітілген халық тіркелімі" АЖ-де халықтың МСАК-ке бекітілуін (босатуын) тіркеу мәселелерін қарастыру жөніндегі комиссияның хаттамасы болса;

      5) студенттер, сондай-ақ медреседе оқитын студенттер, МСАК-ке жоғары оқу орны ректорының жазған өтініші және оқу орны мен МСАК арасындағы комиссияның хаттамасы болса;

      6) мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер;

      7) шет мемлекеттерде туған балалар;

      8) қамқорлықтағы сәбилер, жетімдер, қарттар үйлері және басқалар;

      9) бекітуді сенімхат бойынша, оның ішінде шарт болған кезде ерікті медициналық сақтандыру шарты бойынша ресімдейтіндер.

      МСАК ұйымына тікелей жүгінген кезде МСАК ұйымының мамандары "Бекітілген халық тіркелімі" медициналық ақпараттық жүйесіне бекітуге сұрау салуды ресімдейді. Цифрлық денсаулық сақтау субъектісінің маманы бекітуге арналған сұрау салуды қарайды және өтінімді мақұлдау туралы не дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Мемлекеттік қызмет құжаттарды тапсырған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салу МСАК ұйымының жұмысы аяқталғанға дейін 2 сағат бұрын қабылданады (жұмыс күндері сағат 18.00-ге дейін).


Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу