Астана қаласы әкімдігінің "№ 1 қалалық емхана" ШЖҚ МКК

Қазақстан, Астана, Сейфуллин к-сі, 28
+7 (7172) 39 99 78
+7 (7172) 22 68 04
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

ТУБЕРКУЛЕЗ АУРУЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ


Туберкулез – өте ауыр инфекциялық ауру. Ол науқас адамнан ауа-тамшы жолдары арқылы (сөйлесу, түшкіру, жөтелу кезінде) жұғады. Туберкулез ауруының қоздырғышы Кох таяқшасы деп аталады. Бұл ұзақ емделетін ауру түрі, пациенттің толық сауығуына 1 жылдан артық уақыт кетеді. Туберкулез ауруының алдын алу жолдарына мыналар жатады:

  1. БЦЖ вакцинасы

    (жаңа туған сәбилерге бірнеше күннен кейін жасалады). Екпе жасар алдында, міндетті түрде нәрестеге туберкулез індетін жұқтыруға сынама жасалады.

  2. БЦЖ вакцинасымен қайтадан егілу

    (жоспарлы түрде 7, 14 жаста өткізіледі).

  3. Ересек адамдар флюорографиялық  тексеруден өту керек. Жылына 1 реттен артық өтуге болмайды.

  4. Отбасы мүшелерінің бірінде туберкулез анықталса, келесі ережелерді сақтау керек: үйдегі ауаны тазарту, науқас адам қолданған заттарды санитариялық тұрғыдан өңдеу, күн сайын бөлмені ылғалды жинау.

  5. Дұрыс тамақтану.

  6. Жеке гигиена ережелерін сақтау.

  7. Зиянды әдеттерден бас тарту.

Ем қабылдамаған әpбip науқас жылына 10 адамнан 15 адамға дейін туберкулез ауруын жұқтыруы мүмкін. Туберкулезбен ауыратындар  санының  жоғары үлесін  жұмыс істеуге

Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу