№1 қалалық емхананың қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі балаларға үй жағдайында медициналық тексеру өткізді
Тексеруге балалар және әйелдерді босандыру жөніндегі басшысы Ж. А. Танлашева, педиатрия бөлімінің меңгерушісі Г.А. Абишева, балалар неврапотологы М.Т. Жунусова мен учаскелік педиатр А.К.Хамидуллина қатысты.
Сондай-ақ, емхана дәрігерлері атаулы категориялы отбасыларына оңалту жөнінде ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Атап айту керек, маңызы бар бағдарлама Балалар жылы аясында өтуде және жыл бойы жүйелі түрде жалғасын табады.