Астана қаласы әкімдігінің "№ 1 қалалық емхана" ШЖҚ МКК

Қазақстан, Астана, Сейфуллин к-сі, 28
+7 (7172) 39 99 78
+7 (7172) 22 68 04
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

РЕФЕРЕНДУМГЕ ДАЙЫНДЫҚ


Бүгін №1 қалалық емханада өткен жұмыс кездесулерінің басты тақырыбы ағымдағы жылдың 5 маусымында өтетін республикалық референдумды талқылау болды. Іс-шараларға мекеменің қызмет басшылары, бөлім басшылары мен медицина қызметкерлері қатысты.

Жиынға қатысушылар Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жобасын талқылап, күн тәртібіндегі мәселе бойынша пікір алмасты. Емхана директоры Н.Ш. Туралинов конституциялық реформалар үдерістеріне жеке қатысудың маңыздылығын атап, әріптестерін азаматтық сана танытып, еліміздің тарихи оқиғасына белсенді қатысуға шақырды.

Қызмет басшылары емхана бойынша  жұмыс орындарында енгізіліп жатқан түзетулермен таныстыру мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, алқалы жиындар өткізді.

Сіздің де референдумға қатысуға құқығыңыз бар екенін еске саламыз. Дауыс беру аймағыңызды анықтау үшін әкімдік сайтында немесе iKomek Бірыңғай байланыс орталығында 109 телефоны ☎ арқылы анықтай аласыз.


Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу