№1 қалалық емханада Ашық есік күні өтті
Балалар жылына орай ұйымдастырылған Chek-up іс-шарасы балаларды, оның ішінде мектепке дайындалып жатқан бүлдіршіндерді кешенді медициналық тексеруден өткізуге бағытталды.
Келушілер педиатр, невропатолог, хирург, лор, тіс дәрігері қабылдауы мен тексеруін алуға, сондай-ақ аудиологиялық, психофизикалық және офтальмологиялық скринингтерден өтуге, көрсетілімдер болған жағдайда жалпы клиникалық зерттеулер, УДЗ, ЭКГ, КТ және МРТ жүргізуге мүмкіндік алды.
Қажет болған жағдайда шара аясында кішкентай пациенттердің ата-аналары психолог қызметкерінен кеңес ала алды.