Астана қаласы әкімдігінің "№ 1 қалалық емхана" ШЖҚ МКК

Қазақстан, Астана, Сейфуллин к-сі, 28
+7 (7172) 39 99 78
+7 (7172) 22 68 04
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫНА ҚАРСЫ ЕКПЕ САЛУ


«№1 қалалық емханада» емханаға тіркелген тұрғындарға коронавирус инфекциясына қарсы екпе салу жүргізіліп жатыр. Ең алдымен пациент міндетті тексерістен өтіп, коронавирусқа қарсы вакцина туралы алгоритммен таныстырылады. Егер де пациентте екпе салдыруға қарсы көрсеткіштер анықталған жағдайда оған екпе жүргізілмейтіндігі жөнінде анықтама беріледі. Учаскелік дәрігер пациентті 3 күн ішінде қашықтан бақылайды. Екпе жасау коронавирус инфекциясы ауруынан сақтандыру үшін қолданылатын негізгі профилактикалық шаралардың біріне жатады. Пациенттер алып жатқан екпе «Спутник-V» коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинасы екендігін атап өтуіміз керек. 

#МенCOVID19қарсыекпеалдым

Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу