Астана қаласы әкімдігінің "№ 1 қалалық емхана" ШЖҚ МКК

Қазақстан, Астана, Сейфуллин к-сі, 28
+7 (7172) 39 99 78
+7 (7172) 22 68 04
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

БҮКІЛӘЛЕМДІК АУТИЗМ ЖАЙЛЫ АҚПАРАТ ТАРАТУ КҮНІ


2 сәуір – Бүкіләлемдік аутизм жайлы ақпарат тарату күні. Бұл күнді аутизммен ауыратын балалардың назарын аударту мақсатында 2007 жылғы 18 желтоқсанда БҰҰ Бас ассамблеясы белгіледі. Негізгі мақсаты – аутизммен ауыратын адамдарға көмектесу қажеттігін атап өту. 

«Аутизм» термині гректің «autos» «өзі» деген сөзінен шыққан. Бұл терминді 1920 жылы швейцариялық психиатр Е. Блейхер енгізді. Аутизм – әлемнен оқшаулану, өзінің әлемінде жүру. Аутизм дегеніміз жүйке жүйесі дамуында тұрақты бұзушылықтармен сипатталатын жай-күй немесе ауытқу. Бала өмірінің алғашқы 3 жылында байқалады. Оған келесі ерекшеліктер тән:  адамдармен араласудың және қарым-қатынастың қиындығы, ақпаратты өңдеудің қалыпты емес тәсілі, әдеттік мінез-құлыққа бейімділік және т.б. Бала шынайы өмірден алыстап кетеді, осылайша оған бейадекватты жауап қайтарады. Осыдан кейін сөйлеу қабілетінің, қимыл-қозғалыстың бұзылуы, әлеуметке бейімделе алмау секілді мәселелер туындайды. 

«Аутистикалық спектрдің бұзылуы» термині аутистикалық спектрдің барлық нұсқасын біріктіре отырып, мамандандырылған көмекке мұқтаж адамдар тобын білдіреді. Аутизммен ауыратын жандар үшін қоғам тарапынан ерекше қолдау мен түсіністік қажет.  

Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу