COVID-19 және тұмау
COVID-19 және тұмаудың ортақ ауру белгілері бар. Бұдан бөлек екі вирустың түрі ауа-тамшы жолдары және науқаспен байланыста болған кезде таралады. Инфекцияны болдырмау мақсатында қолданылатын профилактикалық шаралар да ұқсас. Оларға қол гигиенасын, тыныс алу этикетін сақтауды (шынтақтың бүгілген жеріне немесе майлыққа жөтелу) жатқызамыз.
Тұмауда өте қысқа орташа инкубациялық (ауруды жұқтырған кезден бастап белгілердің пайда болуына дейінгі аралық) кезең болады. COVID-19 вирусы үшін тізбекті жағдайдың уақыты 5-6 күнді, ал тұмау вирусында 3 күнді құрайды.
COVID-19 және тұмаудың жөтел, тамақ ауруы, қалтырау, шаршау секілді белгілері ұқсайды. Бірақ COVID-19-дың дәм сезі мен иіс сезудің жоғалуы, ентігу секілді қосымша белгілері болады. Коронавирустың ауыр түрінде пациенттерде ентігу, тәбеттің болмауы, кеуде тұсындағы тұрақты ауырсыну мен қысым, 38 градустан жоғары температура байқалады.
Тұмаудың асқынуы құлақтың қабынуы, синусит, менингит және пневмонияға әкеп соқтырады. COVID-19-дың асқыну салдарына өкпе артериясының тромбоэмболиясы, миокардит, перикардит, күтпеген пневмоторакс жатады.