Жатыр мойны обырының алдын алу
![](https://files.medelement.com/uploads/co/603869141415098647/information/6b8dfd106b8705e49cfb1ce05f561c38.jpg)
2020 жылғы 20 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 1 қалалық емхана» ШЖҚ МКК-де жатыр мойны обырының алдын алу апталығына орай «Жатыр мойны обырының алдын алу» тақырыбындағы семинар өтті. Семинарды «Көпбейінді медициналық орталықтың» онкогинеколог дәрігері Мария Нұрқасымқызы Койшикулова жүргізді. Апталық 20-27 қаңтар аралығында өтеді. Жатыр мойны обыры – қатерлі ісік. Ол әйелдерде кең таралған онкологиялық ауру түріне жатады. Әсіресе, 35-55 жастағы әйелдердің аталған ауру түріне шалдығуы жиі кездеседі. Онкологиялық дерттің алғашқы сатыларында ойдағыдай емдеуге болады.