Тұмау және ЖРВИ тақырыбындағы леция өтті
2020 жылғы 23 қаңтарда «№ 1 қалалық емхананың» инфекционист-дәрігері Н. А. Хасенова медициналық қызметкерлер арасында «Тұмау және ЖРВИ. Клиникалық хаттама: диагностикалау жән емдеудің заманауи тәсілі» тақырыбында лекция оқыды. Іс-шараның басты мақсаты – медициналық қызметкерлердің аталған аурулардың алдын алу шаралары туралы хабардар болу деңгейін арттыру. Инфекционист-дәрігер тыңдаушыларды ЖРВИ, тұмаудың негізгі ережелерімен таныстырып, ЖРВИ-мен сырқаттанушылық көрсеткіштері туралы әңгімеледі.