2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалақыны көбейту
2019 жылғы 17 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 1 қалалық емханасында» қаржылық есеп бөлімінің ұйымдастыруымен «2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалақыны көбейту» тақырыбындағы жиналыс өтті. Оған емхананың медициналық қызметкерлері қатысты. Іс-шараның басты мақсаты – 2020-2025 жылдарға арналған денсаулық сақтау ісін дамыту туралы Мемлекеттік бағдарламадағы дәрігерлер мен орта медициналық құрамның орташа жалақысын кезең бойынша көбейту мәселесін түсіндіру. Жиналыс барысында бас бухгалтер Қ. Б. Жилкибаева ақ халатты абзал жандардың орташа еңбекақысы 30%-ға, ал орта медициналық құрамдікі 20%-ға артатынын айтып, нақты мысалдармен түсіндіріп өтті. Шара соңында тақырыпқа байланысты сұрақтарға жауап берілді.