Семинар өткізілді
2019 жылдың 22 қазанында «№ 1 қалалық емханада» Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Қалалық фтизиопульмонология орталығы» ШЖҚ МКК директоры Анна Борисовна Цепкенің қатысуымен 9 ай бойынша туберкулезге қарсы іс-шаралардың орындалу қорытындысы туралы жұмыс кеңесі өтті. Жиында тіркелген тұрғындардың 9 ай бойынша туберкулезге шалдығу жағдайы, туберкулині оң балаларды тексеруге дейін қамту, флюорографиялық тексеріс жоспарының жөнінде айтылды. Сонымен қатар А. Б. Цепке туберкулез ауруына қарсы іс-шаралардың орындалуы бойынша «№ 1 қалалық емханадағы проблемалық мәселелерге де тоқталды.