Астана қаласы әкімдігінің "№ 1 қалалық емхана" ШЖҚ МКК

Қазақстан, Астана, Сейфуллин к-сі, 28
+7 (7172) 39 99 78
+7 (7172) 22 68 04
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

"Stop туберкулез!" акциясы аясындағы тегін флюорографиялық тексеріс

2019 жылдың 19 қазанында «Stop туберкулез!» акциясы аясында өткен іс-шара өз мәресіне жетті. Қала тұрғындары мен қонақтары Ш. Уәлиханов көшесі, 20 мекен жайы бойынша орналасқан «Магнум» сауда үйінің алдында тұрған жылжымалы флюорографта флюорографиялық тексерістен тегін өтті. Медициналық тексеруден өткен адамдар саны - 105. Көп жағдайда тұрғындардың емханаға барып, медициналық тексерістен өтуге уақыты бола бермейді. Аталған іс-шара оларға бұл олқылықтың орнын толтыруға үлкен мүмкіндік берді деуге болады. Сондай-ақ, «№ 1 қалалық емхананың» дәрігерлері тұрғындарға туберкулездің алдын алу, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы ақпараттық-түсіндірмелік жұмыстар да жүргізді. «Stop туберкулез!» акциясы

Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастамасымен өтіп жатқандығын атап өткіміз келеді. Оған «№1 қалалық емхананың» медицина қызметкерлері белсене қатысу арқылы өздерінің үлесін қосты.

Халықтың акцияға қызығушылық танытып, өз денсаулығына көңіл бөлгендігі қуантады. Тұрғындар қоғамдық денсаулық сақтау саласында жұмыс істейтін дәрігерлер мен медбикелерге үлкен алғыс білдірді. 


Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу