Астана қаласы әкімдігінің "№ 1 қалалық емхана" ШЖҚ МКК

Қазақстан, Астана, Сейфуллин к-сі, 28
+7 (7172) 39 99 78
+7 (7172) 22 68 04
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

ТАЗА СУ ІШУДІҢ ПАЙДАСЫ


Күнделікті таза су ішу арқылы денсаулығымызды жақсартуға, күш-қуат жинауға болады. Адам денесінің шамамен алғанда 60%-ы судан тұрады. Су ағза үшін негізгі энергия көзі. Содан да болар мамандар күн сайын 2 литр таза су ішуге кеңес береді. Судың тағы қандай пайдасы бар? Бірге білейік.

1. Салмақ тастауға көмектеседі.

Диета ұстанған жандар тамақ ішер алдында 1 стақан таза су ішетін болса, онда артық килограммды тастай алады. Өйткені ішке барған су асқазанның тез жұмыс істеуіне көмектеседі.

2. Ас қорытуды жеңілдетеді.

Су бүйрек пен бауырға түсетін салмақты азайтып, ағзадағы артық шлактар мен токсиндерді шығарады. 

3. Шаршағаныңызды басады. 

Күнделікті жаттығу жасағаннан кейін міндетті түрде таза су ішу қажет. Ағзаны сусызданудан қорғап, шаршағандықты басуға болады. 

4. Көңіл-күйге оң әсері бар.

Бір жұтым ауыз судың өзі адамға жеңілдік сезімін сыйлап, оған жағымды ықпал етеді. Осылайша күні бойы сергек жүресіз.

5. Бүйректің қызметін жақсартады. 

Бүйректің негізгі қызметіне ағзадағы артық заттарды шығарып, артериалды қан қысымын және сұйықтықтың балансын сақтау жатады. Күн сайын судың қажетті мөлшерін ішу арқылы бүйрекке тас жиналудың алдын алуға болады. 

6. Газдалған тәтті сусын&Таза су.

Ағзада көмірсулардың көбеюіне көп жағдайда газдалған тәтті сусын әсер етеді. Оның орнына таза суға жемістерді қосып ішкен әлдеқайда пайдалы. 

7. Ойды жинақтауға көмектеседі. 

Жұмыс үстеліне таза суы бар ыдысты қоюды әдетке айналдырыңыз. Егер сіздің жұмысыңыз ақыл-ой қызметімен байланысты болса, ойыңызды жинақтауға су көмектеседі.



Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу