COVID-19 КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯСЫ
Бұл жұқпалы індеттің негізгі белгілеріне құрғақ жөтел, бас ауруы, мұрынның бітелуі, иіс сезу мен дәм сезудің жоғалуы, бұлшықет пен буындардағы ауырсынулар, дененің қалтырауы жатады. Бұдан бөлек коронавирустық инфекцияға шалдыққан науқастарда тыныс алу қиындап, кеуде қуысы қысылады. Мамандардың айтуынша қауіп-қатер тобына 60 жастан асқан адамдар және созылмалы ауруы бар адамдар кіреді. Коронавирустық инфекцияның вирусы ауа-тамшы жолдары арқылы, науқас адамнан және вирус бар затты ұстаған кезде жұғады. Сондықтан да қоғамдық орындарда жүргенде және қоғамдық көліктерге мінген кезде маска тағып жүрген абзал.
COVID-19 белгілерін байқасаңыз, шұғыл түрде медициналық көмекке жүгінген жөн. «№ 1 қалалық емханада» COVID-19 ЖРВИ, тұмау, пневмония белгілері байқалған адамдарды қабылдайтын арнайы фильтр кабинеті жұмыс істейді. Оған емхананың артқы есігі арқылы кіруге болады. Фильтр кабинет емханадағы негізгі пациенттер легінен оқшауланған зонада орналасқан.
Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеңіз.
@gor.pol.1
@gor.pol.1
⠀
Нұр-Сұлтан, С. Сейфуллин к-сі, 28
⠀
Нур-Султан, ул. С. Сейфуллина, 28
С. Сейфуллин к-сі, 28: 323511
М. Әуезов к-сі, 24: 323980, 321749
Республика даңғ. 40: 226804