Бір жыл жедел медициналық көмек бөлімшесіне
Біздің ШЖҚ МКК«№ 1 қалалық емхана жедел медициналық көмек бөлімшесі» жұмыс істеп жатқанына тура бір жыл толды! Жедел медициналық көмек бөлімшесі Республика көшесі, 40 үй мекен жайы бойынша орналасқан. Бөлімше Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 3 шілдедегі № 450 бұйрығы негізінде 4-ші жеделдікпен жұмыс істейді. Қызмет көрсететін халық саны: 46 753, оның ішінде 12 293 бала. Бір жыл аралықта 9 706 адам қабылданды. Жедел медициналық көмек бөлімшесінде – 2 бригада қызмет көрсетуде, 213 қауыртты бригадасында Израильдік жедел медециналық көмек көрсету тәжірибесі бойынша парамедиктер қызымет етеді, 212 бригада тәулік бойы жұмыс істейді.
Жедел медициналық көмек көрсететін қызметкерлер: Аға фельдшер: Сакеева Анар Сейткамзеевна, фельдшерлер: Ордан Абылкайыр Тлеубайұлы, Капыш Дидар, Темирбек Самат.