Қызылшаға және қызамыққа қарсы қосымша иммундау жүргізіледі
Құрметті «№ 1 қалалық емхана» пациенттері! 2019 жылдың 1 тамызынан қыркүйек айының соңына дейін халықты қызылшаға және қызамыққа қарсы қосымша иммундау жүргізілетінін хабарлаймыз.
Төмендегі тізімде көрсетілмегендерден басқасы ұйымдасуына және егу мәртебесіне қарамастан 20-дан 29 жасқа дейінгі барлық адамдар қосымша иммундауға жатады:
1) қызылша, қызамықпен ауырған адамдар – зертханалық расталған жағдайлар;
2) қызылша, қызамықпен ауырған адамдар - зертханалық расталған эпидемиологиялық жағдайлар;
3) осы егуге тұрақты қарсы көрсеткіштері бар адамдар.
«№ 1 қалалық емханаға» С. Сейфуллин көшесі, 28, 306 кабинетке хабарласуға болады.
Жұмыс тәртібі: жұмыс күндері 08.00-ден 18.00-ге дейін (алдын-ала жазылусыз).
Байланыс телефоны: 32-24-76, дәрігер-инфекционист Н.А.Хасенова, медбике Н.В.Рязанова.