Туберкулезге қарсы күрес күніне орай айлық өтіп жатыр
24 ақпаннан бастап 24 наурызға дейінгі аралықта Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 1 қалалық емхана» ШЖҚ МКК-де «Өзіңді туберкулезден сақта!» ұлттық бағдарламасының концепциясы аясында туберкулезге қарсы күрес күніне орай айлық өтіп жатыр.
Аталмыш инфекциялық ауру туралы не білуіміз керек?
Біріншіден, туберкулез дегеніміз көптеген мүшеге, соның ішінде өкпе, сүйек, бүйрек, ми, тері және т. б. зиян келтіретін ауру түрі. Екіншіден, дерттің пайда болуына әкеп соқтыратын факторлар: құнарлы емес тамақтану, туберкулезге шалдыққан науқаспен қарым-қатынаста болу, зиянды әдеттер (ішімдік ішу, шылым шегу, нашақорлық), көптеген аурулар (диабет, асқазанның ойық жарасы, өкпенің созылмалы ауруы).
Туберкулездің белгілері:
- Екі аптадан асқан жөтел
- Тез шаршап қалу, жалпы әлсіздік
- Дене массасының азаюы
- Ұзақ мерзімді жоғары температура
- Түнгі уақыттағы тершеңдік
- Көкірек қуысының ауруы
- Қан түкіру