Астана қаласы әкімдігінің "№ 1 қалалық емхана" ШЖҚ МКК

Қазақстан, Астана, Сейфуллин к-сі, 28
+7 (7172) 39 99 78
+7 (7172) 22 68 04
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

Алғыс айту күні аясында ашық есік күні өтті


2020 жылғы 29 ақпанда «№ 1 қалалық емханада» Алғыс айту күні аясында емханаға тіркелген тұрғындар үшін Ашық есік күні ұйымдастырылды. Акцияға қатысқандар кешенді медициналық тексеруден өтті. Соның ішінде терапевт, жалпы тәжірибе дәрігері, гинеколог, эндокринолог, стоматолог дәрігерлердің қабылдауында болып, бірқатар анализ түрлерін тапсырды. Ашық есік күні аясында маммография, флюорография, ЭКГ және ультрадыбыстық зерттеу секілді медициналық қызмет түрлері де ұсынылды. Аталмыш іс-шарада емхананың әлеуметтік қызметкерлері мен психологтары қатысушылардың сұрақтарына пайдалы ақпараттарды бөлісе отырып жауап берді. Барлық медициналық көмек тегін көрсетілгендігін атап өту керек.


Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу