11 жастағы қыздардың ата-аналары арасында “Адам папилломавирусына (HPV) қарсы Вакцинация”тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті
Ғафу Қайырбеков атындағы № 2 мектеп-гимназиясында 11 жастағы қыздардың ата-аналары арасында “Адам папилломавирусына (HPV) қарсы Вакцинация”тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Аталған іс-шарада № 1 қалалық емхананың қызметкерлері дерматовенеролог Г. Д. Кулдашева және гинеколог дәрігер М. Б. Исабекова спикерлер болды.. Олардың сөйлеген сөздерінде “ Адам папилломавирусы (HPV) дегеніміз не?”, “Адам папилломавирусы неге қауіпті?”, “HPV берілу жолдары қандай?”, “Әлемде HPV вакцинасы қанша уақыт қолданылады?”және т. б. туралы айтылды. Бұл шараға 35 ата-ана қатысты. Олар келесі сұрақтарға қызығушылық танытты: “адам папилломавирусына қарсы вакцина HPV тудыруы мүмкін бе?” деген сұраққа “ жоқ, мүмкін емес” деп жауап берілді. Себебі HPV вакцинасында адам папилломасының тірі вирустары жоқ. Онда вакцинацияланған адамның денесінің иммундық реакциясын тудыратын жеке HPV ақуыздары бар. Кейіннен HPV-ден қорғайтын антиденелер өндірісі түрінде”. Ата-аналардың сұрақтарына № 1 қалалық емхананың мамандары, мектепке дейінгі-мектеп бөлімшесінің педиатры Д. К. Өмірзақова және СӨС дәрігері Е. А. Гурский жауап берді. Осы іс-шараның әрбір қатысушысы ақпараттық-білім беру материалдарын алды: яғни, HPV-ге қарсы вакцинация бойынша парақшалар мен лифлеттер.