Астана қаласы әкімдігінің "№ 1 қалалық емхана" ШЖҚ МКК

Қазақстан, Астана, Сейфуллин к-сі, 28
+7 (7172) 39 99 78
+7 (7172) 22 68 04
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

Ата-аналар жиналысында адам папилломавирусына (HPV) қарсы вакцинация мәселелері талқыланды

2024 жылғы 10 қыркүйекте Астана қаласы әкімдігінің № 3 мектеп-гимназиясында ата-аналар жиналысы өтті, онда адам папилломавирусына (HPV) қарсы вакцинация мәселелері талқыланды. Аталған іс-шарада № 1 қалалық емхананың дерматовенерологы Г.Д. Кулдашеваның сөз сөйледі, HPV-ге қарсы вакцинация туралы презентациялар мен бейнероликтер көрсетілді. Ата-аналар әртүрлі сұрақтар қойды, оларға педиатр дәрігері Д.К. Өмірзақова, СӨС дәрігері Е. А. Гурский және спикер Г. Д. Кулдашеваның толық жауаптары берілді.  Адам папилломавирусы (HPV) вирустардың 200-ге жуық түрін қамтитын вирустар тобына жатады. Олардың кейбіреулері адам денсаулығы үшін салыстырмалы түрде қауіпсіз, ал басқалары ағзадағы қатерлі ісік процесінің дамуын белсендіре алады. ҚР ДСМ мәліметтері бойынша 2024 жылдың қыркүйегінен бастап 11 жастағы қыздарды жоғары онкогенді HPV түрлеріне (6, 11, 16 және 18 түрлеріне қарсы) қарсы 4 валентті вакцинамен егу жоспарлануда.  Қолданыстағы вакциналардың тиімділігі өте жоғары. Адам папилломавирусына қарсы Вакцинация ҚР Ұлттық егу күнтізбесіне енгізілген және ата-аналардың ақпараттандырылған келісімімен тегін негізде жүргізілетін болады.

Видео

Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу