Астана қаласы әкімдігінің "№ 1 қалалық емхана" ШЖҚ МКК

Қазақстан, Астана, Сейфуллин к-сі, 28
+7 (7172) 39 99 78
+7 (7172) 22 68 04
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

КҮН ӨТУДЕН ҚАЛАЙ САҚТАНУҒА БОЛАДЫ?


Күн өту күн көзінде  ұзақ жүру және күн сәулелерінің адамға тікелей әсер етуі нәтижесінде пайда болады. Оның белгілері: дене қызуының  көтерілуі, тері жабындысының қызаруы, тер бөлінудің күшеюі, тамыр соғу және тыныс алудың жиілеуі, бас ауруы, әлсіздік, құлақ шуылы, лоқсу, құсу, ұзақ жылу әсері кезінде температураның 40 градусқа дейін көтерілуі, естен тану, құрысу, терінің I және II деңгейлі күйігі болуы мүмкін.

Алғашқы көмек:

• Зардап шегушіні салқын  орынжайға басын көтеріп жатқызу керек.

• Науқастың киімін шешіп, дымқыл төсек жаймасымен немесе орамалмен орап қою қажет. 

• Зардап шегушінің басына мұзды қабықты немесе суық су құйған резеңке қапшық, суық компресс басу керек.

• Қызып кету кезінде орталық жүйке жүйесі зардап шегеді.  

• Зардап шегушіні суық суға түсіруге болмайды, өйткені жүрек рефлекторлық жағдайда тоқтауы мүмкін. 

• Температураның үлкен айырмашылығын болдырмау үшін салқындатуды біртіндеп жүргізу қажет

• Зардап шегушіге көбірек салқын сусын  (су, шай, кофе, сок) беру қажет.

• Күйік болса, зақымдалған теріге вазелин жағу қажет, көпіршікті ашпай, құрғақ стерильді таңғыш басып, емдеу мекемесіне жүгіну  керек. 

Алдын алу: 

• Ыстық күндері тердің буға айналуына кедергі келтірмейтін жеңіл киім кию қажет.

• Жеңіл, ашық түсті бас киім кию немесе қолшатыр ұстау қажет. 

• Күннен қорғайтын көзілдірік киген дұрыс.

• Ыстық күндері салқын сусын  ішу қажет. 

• Шөлді қандыру үшін кофе, сыра ішуге тыйым салынады. 

• Күн астында футбол, волейбол және басқа да қимыл-қозғалыс ойындарын ойнауға болмайды. Белсенді қозғалыс кезінде күн өту қаупі артады. 

• Аптап ыстықта ұзақ болмаған және жұмыс істемеген жөн.


Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу