ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ТЕМЕКІ ТАРТУМЕН КҮРЕС КҮНІНЕ ОРАЙЛАСТЫРЫЛҒАН АЙЛЫҚ
Дүниежүзілік темекі тартумен күрес күніне (31 мамыр) орайластырылған 1 мамырдан бастап 31 мамыр аралығында шылым шегуді шектеу мен алдын алу туралы айлық өтіп жатыр. Оның негізгі мақсаты шылым шегудің денсаулыққа кері әсері туралы халықтың хабардарлығын арттыру; дәрігерлер мен халықтың темекі тәуелділігіне қарсы белсенді болуын қолдау және салауатты өмір салтын насихаттау.
Темекі шегу адам денсаулығына зиян тигізеді. Деректерге сүйенсек, никотинмен уланған адамда мынадай симптомдар жиі кездесетін көрінеді:
темекі тартуды жаңа бастаған адамда бас айналу,
жүрек айну,
құсу,
сұрлану,
сілекейдің көп бөлінуі,
жүректің қағуы,
дененің қалтырауы,
суық тер басу,
қозғалысының бұзылуы,
есін жоғалту.
Қазіргі уақытта темекі тартумен байланысты мүгедектікке әкелетін әртүрлі аурулар да туындауда, мысалы: жүректің ишемиялық ауруы, туберкулез, эмфизема және өкпе обыры, астматикалық бронхит, асқазанның және 12 елі ішектің ойық жара ауруы, нерв жүйесі аурулары, тығындалған эндартериит және т.б.
Шылым шегуден бас тарту арқылы ағзаны уланудан сақтауға, қатерлі ісіктің даму қатерін азайтуға, тыныс алу жолдары ауруларының алдын алуға мүмкіндік бар.