Астана қаласы әкімдігінің "№ 1 қалалық емхана" ШЖҚ МКК

Қазақстан, Астана, Сейфуллин к-сі, 28
+7 (7172) 39 99 78
+7 (7172) 22 68 04
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

БАҚЫЛАУ КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ


2021 жылғы 25 қарашада «№ 1 қалалық емханада» Бақылау кеңесінің кезекті отырысы өтті. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 1 қалалық емхана» ШЖҚ  МКК директоры Н. Ш. Туралинов, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Көпсалалы медицина орталығы» ШЖҚ  МКК директоры М. Е. Тулеутаев, Адам ресурстарын басқару бөлімінің басшысы А. С. Туякова, бас есепші К. Б. Жилкибаева және Бақылау кеңесінің басқа мүшелері қатысты. Кезекті отырыс Бақылау кеңесінің Төрағасын таңдау, хатшысын тағайындау, Кеңестің 2022 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту секілді маңызды сұрақтарды талқылауға арналды. Бақылау кеңесінің Төрағасы болып М. Е. Тулеутаев сайланды, ал Кеңестің хатшысы ретінде А. С. Туякова бекітілді. Кәсіпорынның даму жоспарын нақтылау бойынша «№ 1 қалалық емхананың» бас есепшісі К. Б. Жилкибаева баяндады. Аталған жоспар Бақылау кеңесінің мүшелерімен бірауыздан бекітілді. Бақылау кеңесінің хатшысы А. С. Туякова қатысушыларды Кеңестің 2022 жылға арналған жоспарымен таныстырды. Бұл Жоспарды Бақылау кеңесінің мүшелері кейбір түзетулермен негізге алды. 


Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу