«№ 1 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАДАҒЫ» РЕВАКЦИНАЦИЯ ТУРАЛЫ
Ревакцинация дегеніміз коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаның үшінші дозасын алу. Бұл екпе ағзаның инфекцияға қарсы қорғанысын күшейту және иммунитетті қолдау үшін қажет.
Ревакцинациядан қашан өту керек?
- «Спутник V» вакцинасын алғандар – 9 ай өткен соң;
- «QazVac», «Sinopharm», «CoronaVac» немесе «Hayat-Vax» вакциналарын алғандар – 6 ай өткен соң.
- Коронавирустық инфекциямен ауырғандар вакцинация курсы аяқталған кезде – жазылғаннан кейін 3 айдан соң.
«№ 1 қалалық емхананың» вакцинация пунктінің мекенжайы: «Asia Park» сауда-ойын сауық орталығы, Қабанбай батыр даңғылы, 21, 3 қабат. Қайта вакцинациялау үшін келесі вакциналар қолжетімді: «QazVac», «Sinopharm».
Жұмыс уақыты: сағ. 10.00-ден бастап 22.00-ге дейін, демалыссыз.