Коронавирус туралы не білуіміз керек?
Коронавирус. Бұл жұқпалы вирустың ошағы – Қытайдың Хубей провинциясындағы Ухань қаласы. 2019 жылғы желтоқсан айында тіркелген дерттің негізгі белгілеріне бастың ауруы, дене қызуының көтерілуі, мұрыннан су ағу, кеуде тұсының сырқырап ауыруы, жүрек соғуының жиілеуі, тыныс алудың бұзылуы жатады. Аталған дерттің инкубациялық кезеңі 2 күннен бастап 10 күнге дейінгі аралыққа созылады.
Коронавирус ауа-тамшы жодары арқылы науқастан басқа адамдарға жұғады. Бұл жұқпалы вирус түрі ЖРВИ-ге ұқсас таралады, сондықтан да коронавирустың алдын алу үшін келесі амалдарды жасау қажет:
Адамдар көп шоғырланған орталарда арнайы маскалар киіп жүру.
Үйдің немесе жұмыс орнындағы бөлмелердің терезелерін ашып, таза ауаның кіруін қамтамасыз ету.
Қолды сабынмен жиі жуу. Егер де қол жууға мүкіндік болмаса, онда дезинфекциялық, антисептикалық құралдарды пайдалану.
Мұрыннан су аққанда немесе жөтел кезінде қол орамалды пайдалану.
Еттен жасалған өнімдерді, жұмыртқаны дұрыс қуыру/пісіру.
Мамандар иммунитеті төмен адамдардың, дұрыс желдетілмейтін орындарда жұмыс істейтін адамдардың коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупі жоғары дейді. Медициналық көмекке уақытында жүгіну арқылы қауіпті аурумен күресуге болады.