Семинар
![](https://files.medelement.com/uploads/co/603869141415098647/information/bb1d7a09a9655620d2c7df7ad77756c1.jpg)
2019 жылдың 10 қазанында «№ 1 қалалық емхананың» инфекционист-дәрігері Н. А. Хасенова медициналық қызметкерлер арасында респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және пневмококтік инфекциялардың алдын алу бойынша семинар өткізді. Іс-шара 1 қазаннан бастап 1 қарашаға дейінгі аралықта «Алдын алу. Қорғау. Егу» ұранымен өтетін айлық аясында ұйымдастырылды. Семинардың мақсаты – медициналық қызметкерлердің аталған аурулардың алдын алу шаралары туралы хабардар болу деңгейін арттыру. Жиын барысында инфекционист-дәрігер тыңдаушыларды ЖРВИ, тұмау және пневмококктік инфекцияның негізгі ережелерімен таныстырып, эпидемиологиялық маусымдағы ЖРВИ-мен сырқаттанушылық көрсеткіштері туралы әңгімеледі.