Астана қаласы әкімдігінің "№ 1 қалалық емхана" ШЖҚ МКК

Қазақстан, Астана, Сейфуллин к-сі, 28
+7 (7172) 39 99 78
+7 (7172) 22 68 04
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

Жұмыс кеңесі

2019 жылдың 9 қазанында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 1 қалалық емхана» ШЖҚ МКК директоры Тұралинов Назар Шамғанұлының төрағалығымен жұмыс кеңесі өткізілді. Онда емханаға тіркелген халықтың скринингтік тексеруден өтуі, «Денсаулық» және «Жол картасы» бағдарламасының индикаторларын орындау мәселелері туралы айтылды. Аталған сұрақтар бойынша емхананың бөлімше меңгерушілері есеп берді. Жиында бас медбике Достаева Нұрсұлу Даудқызы интернет-белсенді тұрғындарды «Дамумед» мобильді қосымшаларымен қамтамасыз ету бойынша фокус-топтың жұмысы туралы баяндады. Қатысушылар инциденттерді басқару жүйесі бойынша комиссия құру туралы, емхана жұмысындағы жүйелі проблемаларды жою бойынша іс-шаралар жоспары туралы бұйрықтармен танысты. Бұл туралы инциденттерді басқару жүйесін енгізу жөніндегі үйлестіруші Аубакирова Нағима Садыққызы баяндады.


Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу