БАЛАЛАР ҮШІН ҚАУІПСІЗ ОРТА ҚАЛЫПТАСТЫРЫҢЫЗ!
![](https://files.medelement.com/uploads/co/603869141415098647/information/832abc6eaada0aae65feb391464a2d8d.jpg)
Қай кезде де бала денсаулығын сақтау бірінші орында тұр. Мамандар оқыстан болатын жағдайлардың алдын алу маңызды екендігін айтады. Балалар үшін қауіпсіз орта қалыптастырғыңыз келсе, келесі ережелерді біліп жүргеніңіз абзал:
Балаларды терезесі/москит торы, ашық балкон есігінің жанында қараусыз қалдырмаңыздар;
Балаларды қосулы тұрған электр арқылы жылу беретін техниканың (үтік, электр шәйнегі, су қайнатқыш, плита, қысқа толқынды пеш және т. б.) қасында қараусыз қалдырмаңыздар;
Балаларды ваннада, бассейнде шомылып жатқанда, шипалы монша кешендеріне, ашық су қоймасына және т. б. жерлерге барғанда қалдырмаңыздар;
Балаларды үйде, көшеде және хайуанаттар бағына барғанда жануардың қасында жеке қалдырмаңыздар;
3 жасқа толмаған балаларды қоршалмаған төсекте, диванда қалдырмаңыздар;
Балаларға ұсақ (түйреуіш, жапсырма шеге, сүйек және т. б.) заттарды жұтып және олардың мұрнына, құлағына кіріп кету қаупін болдырмас үшін бермеңіз және олардың қол жетпейтін жерде сақтаңыздар;
Тұрмыстық қажетті химиялық заттарды (жуатын, тазалайтын заттарды, жәндіктерге және т. б. қарсы құралдарды), дәрі-дәрмекті, сірке суы эссенциясы, сіріңке, электр құралын, қадалатын, кесетін құралдарды балалардың қолы жетпейтін жерде сақталуын қамтамасыз етіңіз және оларды қолдану ережесін сақтаңыздар;
Бекітуді талап ететін кітап сөрелерін, теледидар тіреуішін және басқа техникалардың қауіпсіз бекітілуін қамтамасыз етіңіздер;
Электр розеткасынан арналған қорғаныс қақпағын қолданыңыздар;
Баламен ойнаған кезде жоғары көтеріп лақтырмаңыз, себебі ол басын төбеге ұруы немесе қолыңыздан түсіп кетуі мүмкін;
Балалар алаңының әйнектен, шегеден, жәшіктен және басқа жарақаттайтын заттардан тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және аулалық сенбіліктер арқылы тазартуды қамтамасыз етіңіздер.
Ата-ана болу – зор бақыт және үлкен жауапкершілік, балаларыңыздың балалық шағын қауіпсіз етіңіздер!