Астана қаласы әкімдігінің "№ 1 қалалық емхана" ШЖҚ МКК

Қазақстан, Астана, Сейфуллин к-сі, 28
+7 (7172) 39 99 78
+7 (7172) 22 68 04
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

КОРОНАВИРУС БОЙЫНША ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР МЕН ЖАУАПТАР

1. Сұрақ: Коронавирус деген не?

Жауап:

Коронавирустар-бұл жануарлар арасында да, адамдар арасында да таралған вирустардың үлкен тобы. 2019 жылғы жаңа коронавирус (COVID-19) - бұл Қытай, Ухань қаласында алғаш рет анықталған жаңа коронавирустық пневмонияның өршуіне себеп болатын вирус. Қытай, Ухань қаласында аурудың өршуі кезеңінде сырқаттанғандардың көбі теңіз өнімдері мен жануарлардың ірі көтерме сауда базарына байланысты болды, бұл жабайы жануарлардан алғашқы жұқтыруды болжамдайды.

2..Сұрақ: Коронавирустың берілу жолы қандай?

Жауап:

Коронавирус адамнан адамға ауа-тамшы жолымен (жөтелу, түшкіру, әңгіме кезінде) берілуі мүмкін, сондай-ақ жұқтыру контат (тұрмыстық заттар арқылы) және алиментарлық (жұқтырылған тамақ, су арқылы) жолымен болуы мүмкін. Ауа, тамақ өнімдері, тұрмыстық заттар берілу факторлары болып табылады.

 3.Сұрақ: Коронавирустық инфекцияның көзі?

Жауап:

Ауру адам немесе жануарлар.

 4.Сұрақ: Бұл инфекцияны жұқтыру қайдан болды?

Жауап:

Қытай ғалымдарының деректері бойынша COVID-19 табиғи резервуары  жабайы жануарлар (жарғанат). Адамның жұқтырған негізгі орны Оңтүстік Қытай теңіз өнімдерінің көтерме сауда базары болып табылады және онда жарғанаттар және бауырымен жорғалаушыларды қоса алғанда, жабайы жануарлар сатып алынды.

5. Сұрақ: Коронавирустық инфекцияның негізгі симптомдары?

Жауап:

Дененің жоғары қызуы 38 градус С және одан жоғары; жөтел; ентігу; тыныс алудың қиындауы; рентгенологиялық анықталған өкпенің зақымдануы. Симптомсыз нысанда өтетін аурулардың анықталған жағдайы.

 6. Сұрақ: Вирус сыртқы ортада тұрақты ма?

Жауап:

Короновирус сыртқы ортаға төзімді емес, дезинфекциялық және құрамында спирті бар заттарға төзімді емес, 57 градус С және одан жоғары температурада өледі.

 7.Сұрақ: Инфекцияның инкубациялық кезеңі қандай?

Жауап: 

Инкубациялық кезең (жұқтыру сәтінен бастап ауру белгілері пайда болғанға дейін) 2-ден 14 күнге дейін, 2-7 күннен жиірек болады.

 8.Сұрақ: Бұл инфекцияның емі бар ма?

Жауап:

Қазіргі уақытта арнайы емдеу жоқ. Патогенетикалық және симптоматикалық ем жүргізіледі.

 9.Сұрақ: Осы инфекцияға қарсы вакцина бар ма?

 Жауап: 

Осы инфекцияға қарсы вакцина осы уақытқа дейін әзірленбеген.

 10.Сұрақ: Коронавирусты қалай қорғауға болады? Профилактикалық шаралары.

Жауап:

Бүгінгі күні Қазақстанда жаңа коронавирустық пневмониямен адамдардың сырқаттанушылығы тіркелген жоқ. 

Қытайға барудан бас тарту қажет;

Қытайға барған жағдайда:

– маскалар, мүмкіндігінше қорғау дәрежесі жоғары маскалар-респираторлар киіп жүру;

- базарларды қоса алғанда, адам көп қоғамдық орындарға барудан бас тарту;

- жүру үшін қоғамдық көлікті (метро, автобус, трамвайлар) қолданбау;

- респираторлық аурулардың симптомдары бар адамдармен қарым-қатынаста болмау;

- кез келген қоғамдық орындарға барғаннан кейін және тамақ алдында қолды сабынмен мұқият жуу немесе құрамында спирт бар салфеткалармен сүрту;

- көзді, мұрынды, бетті ұстаудан барынша аулақ болу;

- жабайы және үй жануарларымен қарым-қатынаста болмау;

- жоғары температуралы (ет, балық, құс, жұмыртқа) өңдеуден өткен өнімдерді және кепілді сападағы суды (қайнатылған немесе бөтелкеленген) ғана тамаққа қолдануға болады. Көкөністер мен жемістерді қайнаған сумен және мұқият жуғаннан кейін жеуге болады;

- жөтелу немесе түшкіру кезінде ауыз бен мұрынды жабу үшін майлықтарды пайдалану керек.

 11. Сұрақ: Коронавирустық инфекцияға ұқсас симптомдар болған жағдайда қайда жүгіну қажет?

Жауап:

Жіті респираторлық инфекцияның симптомдары пайда болған немесе жаңа коронавирустық пневмонияға күдік туған кезде медициналық мекемеге бару қажет, ауыр нысаны болған жағдайда – шұғыл түрде үйге жедел көмекті шақыру қажет, жедел көмек бригадасының келуіне дейін профилактикалық шараларды сақтаңыз (адамдармен қатынасты шектеу, жөтелу этикасын сақтау, бетперде киіп жүру,өзін-өзі емдеумен айналыспау).

Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу