ИММУНОПРОФИЛАКТИКА БОЙЫНША АТТЕСТАТТАУ ӨТТІ
![](https://files.medelement.com/uploads/co/603869141415098647/information/0ee089a866b3c30f057427f18bf7ae97.png)
2021 жылғы 8 маусымда «№ 1 қалалық емхана» ШЖҚ МКК-де педиатриялық, жалпы тәжірибе дәрігерлері бөлімшелерінің дәрігерлері мен мейірбикелеріне арналған иммунопрофилактика бойынша аттестаттау өтті. Оны емхананың балалар және босандыру жөніндегі басшысы Ж. А. Танлашева, сарапшы дәрігер Ф. А. Тышкевич жүргізді. Иммунопрофилактика – эпидемияның немесе инфекциялық аурулардың таралуының алдын алатын және оларды толық бақылауға мүмкіндік беретін сенімді әдіс. Ол инфекциялық аурулардың қоздырғыштарына қарсы тұра алушылықты қамтамасыз ететін жасанды белсенді иммунитетті қалыптастыруға бағытталған.