28 желтоқсан жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды
![](https://files.medelement.com/uploads/co/603869141415098647/information/fd576bfc712bb2175c355584821a15bf.png)
2019 жылғы 27 желтоқсанда Bek Air авиакомпаниясының «Алматы – Нұр-Сұлтан» бағыты бойынша ұшқан ұшағы апатқа ұшырады. Апат салдарынан қазаға ұшырағандар және жапа шеккен адамдар бар. Алматы маңында ұшақ апатынан адамдардың қаза болуына байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылғы 28 желтоқсанда жалпыұлттық аза тұту күнін жариялады. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 1 қалалық емхана» ШЖҚ МКК ұжымы әуе апатында қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады.