Міндетті Әлеуметтік Медициналық Сақтандыру туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары
2019 жылдың 20 желтоқсанында «№ 1 қалалық емхананың» медицина қызметкерлері «Астана Ветсервис» ШЖҚ МКК және «АЛЖИР» саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының мемориалды-мұражай кешені» МКҚК-де Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шарада ҚР «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңы, МӘМС аударымдары мен төлемдері туралы талқыланды. Қатысушылар тарапынан МӘМС және ТМККК пакеттерінің айырмашылығы туралы сұрақтар қойылды. Медицина қызметкерлері медициналық сақтандыру жүйесіне қатысу үшін мәртебені анықтау тәртібі, емханаға қалай тіркелу керек, 2020 жылдан бастап ай сайын медициналық сақтандыру қорына қандай жарналар төленетіндігі жөнінде айтып өтті.
Медициналық сақтандыру жүйесіне қатысу үшін өз мәртебеңізді анықтау жолдары:
1. Әлеуметтік мәртебеңізді egov порталынан немесе Халыққа қызмет көрсету орталығынан тексере аласыз.
2. Емханадағы ақпараттық жүйе арқылы.
3. @SaqtandyryBot телеграмм-боты арқылы.
4. Егер Сіз жұмыссыз болсаңыз немесе мәртебеңіз расталмаған болса, Халықты жұмыспен қамту орталығына тіркелуіңіз қажет.
5. Егер Сіз экономиканың бейресми секторында жұмыс істейтін болсаңыз, жеке кәсіпкер ретінде тіркелуіңіз керек немесе бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) төлеуіңіз керек.