Астана қаласы әкімдігінің "№ 1 қалалық емхана" ШЖҚ МКК

Қазақстан, Астана, Сейфуллин к-сі, 28
+7 (7172) 39 99 78
+7 (7172) 22 68 04
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

Дүниежүзілік баланы ана сүтімен тамақтандыру апталығы аясында дәріс өтті

Ана сүтінің баланың тыныс-тіршілігі үшін алатын орны зор. Ол баланы әртүрлі аурулардан, соның ішінде жұқпалы және созылмалы түрлерінен қорғайды. Себебі, ана сүтінің құрамында әртүрлі қоректік заттар бар. 

Дүниежүзілік баланы ана сүтімен тамақтандыру апталығы аясында бүгін «№ 1 қалалық емханада» бала емізетін аналар үшін дәріс өтті. Іс-шара Республика даңғылы, 40 мекенжайы бойынша орналасқан «№ 1 қалалық емхана» ғимаратындағы баланы дамыту кабинетінде өтті. Дәрістің негізгі мақсаты - бала емізуді насихаттау және бала денсаулығын нығайту туралы ақпараттық-түсіндірмелік жұмыстар жүргізу. Дәріскер ана сүтімен тамақтандырудың маңыздылығы мен пайдасын түсіндірді.


Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу