Халықаралық мейірбике күні
Достар біз адам өмірін сақтап қалатындар туралы ойлағанда, ең алдымен дәрігерлерді еске аламыз. Бірақ ешкім дәрігердің жетістіктері көбінесе олардың артында көрінбейтін медбикелерге– “көрінбейтін майданның жауынгерлеріне”байланысты деп ойламайды. Емханада біздің ұйымның ерекше мақтанышы - 118 медбике жұмыс істейді.
Мейірбикенің жауапты және қиын жұмысы физикалық және психологиялық төзімділікті қажет етеді. Біздің әрбір мейірбике дәлдік, тазалық, жауаптылық және ізгі ниет, бір тапсырмадан екіншісіне жылдам ауысу қабілеті, аналитикалық қабілет, жауапкершілік, физикалық төзімділік, қарым-қатынас, жоғары эмоционалды тұрақтылық сияқты қасиеттерге ие.
Жоғары білімі бар бас медбике –Достаева Нұрсұлу Даудқызы шебер, кәсіби және сүйіспеншілікпен медбикелер ұжымын басқарады. 12 мамыр мейірбике күні, дәл осы күні мейірбикелерді, осы салада жұмыс істейтін жақын достарды, әріптестерді құттықтау әдеттке айналды.
Осы мерекеде Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының грамоталарымен медбикелер Турлубекова М. С. және Рязанова Н. В. марапатталды.
Сіздердің кәсіби мерекеңізде, мейірбике күнінде біз сіздерге шыдамдылық пен әр пациентке көрсеткен қолдауыңыз үшін үлкен алғыс білдіреміз! Сіздердің еңбек жолдарыңызда әрқашан үлкен сәттілік пен шексіз денсаулық болсын! Сіздерге қарапайым адам бақытын тілейміз! Мереке құтты болсын, планетаның ең жақсы медбикелері.