АШЫҚ ЕСІК КҮНІ
Туберкулездің алдын алу бойынша айлық аясында 2022 жылы 1 наурызда № 1 қалалық емханада Ашық есік күні өтті. Учаскелік терапевттер, жалпы тәжірибе дәрігерлері, фтизиатр мен фтизиопедиатр емделушілерге консультация берді. Мамандар туберкулездің жеке және қоғамдық алдын алу шаралары, алғашқы белгілері, жұқтыру қаупі мен ауыр салдары туралы халықты ақпараттандырудың қажеттігін атап өтті. Аурудың алдын алу үшін профилактикалық тексерулерден өту қажет. Туберкулез – созылмалы жұқпалы ауру. Әрбір пациент үшін емдеу жолы жеке таңдалады.