Астана қаласы әкімдігінің "№ 1 қалалық емхана" ШЖҚ МКК

Қазақстан, Астана, Сейфуллин к-сі, 28
+7 (7172) 39 99 78
+7 (7172) 22 68 04
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

Пульмонолог күні


17 мамыр – пульмонолог күні! Барлық пульмонолог дәрігерлерді мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз!

Пульмонолог дәрігерлер өкпе және тыныс алу жолдары ауруларын диагностикалаумен, емдеумен айналысады. Егер Сізде жиі ЖРВИ асқынулары, бронх қабынуы, пневмония, 3  айдан аса жалғасып келе жатқан жөтел, жөтел кезінде қақырықтың немесе қанның бөлінуі, тұншығуға дейін оттегінің жетіспеу ұстамасы, сырылдап немесе ысқырықты тыныс алу, тыныштық күйдегі демікпе, дем алу және дем шығару кезіндегі ауыруды сезіну болса, онда пульмонолог дәрігердің көмегіне жүгінуіңіз керек. 

Пульмонолог дәрігер мына ауру түрлерін емдейді:

• салқын тигеннен болатын аурулар (ринит, пневмония, ларингит, фарингит, бронхит, назофарингит, бронхиолит, тонзиллит);

• бронх демікпесі;

• плеврит, қатерлі плеврит;

• шылым шегушідегі бронхит, созылмалы немесе асқынған бронхит;

• фиброзирленген альвеолит;

• өкпенің созылмалы обструктивті ауру;

• бронхоэкстаздық ауру;

• өкпенің эмфиземасы;

• созылмалы тыныс алу жеткіліксіздігі;

• анықталмаған этиологиялы қызба және ұзаққа созылған пневмония;

• өкпе және тыныс алу жолдарын диагностикалау;

• өкпені рентгенологиялық тексеру;

• электрокардиография;

• эхография;

• спирография;

• мультиспиральная компьютерлік томография (сондай-ақ контрастылаумен);

• фибробронхоскопия (браш-биопсия мен бронхоальвеолярлық лаважбен);

• спирометрия (сыртқы тыныс алу қызметін компьютерлік тексеру) және т.б.


Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу