Сіз емханада қандай анализдер мен тексерулерді тегін өте аласыз?
- Есту мен көру өткірігін өлшеу – жүгіну кезінде профилактика мақсатында және көрсеткіштер бойынша
- Көзішілік қысымды өлшеу – жүгіну кезінде профилактика мақсатында және көрсеткіштер бойынша
- Электрокардиограмма – жүгінген кезде профилактика мақсатында жылына 2 рет, қалған жағдайларда көрсеткіштер бойынша
- Флюорография 15 жастан бастап – жүгінген кезде профилактика мақсатында жылына 1 рет, қалған жағдайларда көрсеткіштер бойынша
- Лейкоформуласы бар қанның жалпы анализі, гемоглобин, эритроциттер, түс көрсеткіші, лейкоциттер, ЭОЖ, тромбоциттер – жүгінген кезде профилактика мақсатында жылына 1 рет, қалған жағдайларда көрсеткіштер бойынша
- Ақуыз бен глюкозаны анықтаумен несептің жалпы анализі – жүгінген кезде профилактика мақсатында жылына 1 рет, қалған жағдайларда көрсеткіштер бойынша
- Қанның ұю уақыты, безгекті плазмоидтерге қан, Ничипоренко бойынша несеп, несептегі өт пигменттері – көрсеткіштер бойынша
- Микрореакция – жылына 1 рет жүгінген кезде және басқа жағдайларда көрсеткіштер бойынша
- Копрограмма – жүгінген кезде профилактика мақсатында жылына 1 рет, қалған жағдайларда көрсеткіштер бойынша
- Туберкулезді анықтауға қақырық алу – көрсеткіштер бойынша
- Микробиологиялық зерттеулерге материал алу – көрсеткіштер бойынша
- АИТВ инфекциясына және Вассерман реакциясына қан алу – жүгінген кезде ерікті анонимді және (немесе) құпия медициналық тексеру кезінде, қалған жағдайларда көрсеткіштер бойынша
- Алу және биохимиялық зерттеулер: холестерин, триглицеридтер, қан глюкозасы, оның ішінде тест-жүйелерді пайдалана отырып, экспресс-әдістерді жүргізу – профилактика мақсатында және көрсеткіштер бойынша
- Алу және биохимиялық зерттеу: АЛАТ, АСАТ, жалпы билирубин, несепнәр, креатинин (бауыр сынамалары) – көрсеткіштер бойынша
- Басқа зерттеулерге биологиялық материал алу – көрсеткіштер бойынша
- Қынап жағындысын микроскопия және қынапты санациялау – жүгінген кезде профилактика мақсатында жылына 1 рет, қалған жағдайларда көрсеткіштер бойынша
- Иммунохимиялық зерттеу (гомокуль-тест немесе колоректалды обырды жедел әдіспен ерте диагностикалау) – профилактика мақсатында және көрсеткіштер бойынша
- Безгекті плазмодийлерге қан анализі – көрсеткіштер бойынша