Астана қаласы әкімдігінің "№ 1 қалалық емхана" ШЖҚ МКК

Қазақстан, Астана, Сейфуллин к-сі, 28
+7 (7172) 39 99 78
+7 (7172) 22 68 04
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

2019 жылғы 4-5 қазанда Қарағанды қаласында «Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік жұмыс және психология: даму, инновация және болашақ» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Іс-шараны «Қарағанды медицина университеті» КЕ АҚ және «PRIMARY HEALTH CARE» ұлттық қауымдастығы» жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар бірлестігі ұйымдастырды. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 1 қалалық емхана» ШЖҚ МКК атынан психолог Ғазиз Саданов қатысып, «Босануға психологиялық дайындық» тақырыбында баяндама оқыды. Сертификаттарды психология ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық психология ғылымдары академиясының мүшесі Абдрашитова Татьяна Анатольевна және Қарағанды медицина университетінің медициналық психология және коммуникативтік дағдылар кафедрасының меңгерушісі Мациевская Лариса Леонардовна табыстады.


Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу