Астана қаласы әкімдігінің "№ 1 қалалық емхана" ШЖҚ МКК

Қазақстан, Астана, Сейфуллин к-сі, 28
+7 (7172) 39 99 78
+7 (7172) 22 68 04
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

Вакцинацияны міндеттеу заңға қайшы емес


Халықты вакцина алуға міндеттеу – заңға қайшы емес. Бұл туралы Әділет министрлігінің өкілдері мәлімдеді. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекске сәйкес, ел аумағында тұратын азаматтар инфекциялық және паразиттік ауруларға қарсы екпені алуға міндетті. Ал дәрігерлер сақтық саулықтың кепілі екенін тағы бір рет еске салды.

Коронавирусты жеңудің жалғыз жолы – вакцинация. Ел аумағында егу шаралары уақыт өткен сайын қырқын алып келеді. Нәтиже көңіл қуантарлық. Бірақ, бұл көрсеткішті еселеу маңызды. Дәрігерлер осы арқылы індетті жеңіп, қалыпты өмірге оралуға болады дейді.

Жанар Хамзина, дәрігер: 

Кез келген инфекцияны вакцинациямен жеңеміз. Ол ғылыми түрде дәлелденген. Дәрігер ретінде айтарым, әрбір инфекцияның, әрбір вирустың алдын алу үшін бүкіл халықты вакцинациялау қажет. 

Қазақстан өз вакцинасын шығарған санаулы ғана елдердің бірі. Шетелдік препараттарға да таңдау бар. Бірақ қоғамда екпенің пайдасына қатысты пікір алуан түрлі.

Ақтоқты Бекболатова, қала тұрғыны: 

Вакцина алуға болмайды деген адамдардың пікірімен келіспеймін. Жақындарымның, балаларымның, туыстарымның жағдайын ойлап келдім. Себебі олар мені көріп үлгі алсын дедім. Қорқып жатыр кей адамдар. Қорқатын ештеңе жоқ.

Азаматтар инфекциялық және паразиттік ауруларға қарсы екпені алуға міндетті. Халық денсаулығы туралы Кодекстің 85-бабында осылай жазылған. Инфекциялық аурулар тізімінде ковид те бар. Вакцинацияны міндеттеудің құқықтық негіздері Ата заңның екі бабында да жазылған.

Алма Мұқанова, ҚР Әділет министрлігі заңнама департаментінің директоры: 

Біріншісі, ол – 39-бап. Мемлкеттің өз алдына қоятын міндеттемелерінің бірі – адамның өмір сүруіне қолайлы ортаны ұйымдастыру. Екіншісі – 31-бап. Онда халықтың денсаулығын сақтау мақсатында адамның құқықтары мен бостандықтарының шектелуіне мүмкіндік беру. 

Айта кетерлігі, ағзасы екпе салдыруға қауқарсыз немесе созылмалы сырқаты бар жандар вакцина алмайды. Оны растайтын медицналық анықтама қажет. Мамандар қазір вирустың жаңа түрлері пайда болып жатқанда вакцинаны уақытылы салдыру маңызды деп отыр. Сол арқылы өзіңізді де, өзгені де қорғайсыз.

Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу