Қарттарды мерекемен құттықтады
Әлеуметтік қызметкерлер «№1 қалалық емханада» ұзақ жылдар бойы қызмет атқарған 1939 ж.т. Брызгалина Инна Алексеевна мен 1942 ж.т. Карлинова Мария Ивановнаны мерекемен құттықтады. Олар медициналық ұжымның атынан қарттардың үйіне барып, азық-түлік пакеттерін таратты. Кездесу барысында қарттар денсаулық сақтау саласында қызмет етіп жүрген жылдардағы естеліктерімен бөлісті. Сонымен қатар емханада жұмыс істеп жүрген зейнеттегі медицина қызметкерлері де елеусіз қалмады. Осылайша мереке күніне орай емхана тарапынан қарияларға құрмет көрсетіліп, ерекше көңіл бөлінді.