Астана қаласы әкімдігінің "№ 1 қалалық емхана" ШЖҚ МКК

Қазақстан, Астана, Сейфуллин к-сі, 28
+7 (7172) 39 99 78
+7 (7172) 22 68 04
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

№3 арнайы мектебінде соңғы қоңырау соғылды


25 мамырда №3 арнайы мектебінде бастауыш сынып түлектері  үшін соңғы қоңырау соғылды. Мерекелік шара 17 жас жеткіншектер үшін өткізілді. 

Бізді ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған №3 арнайы мектебімен ұзақ жылдар бойы достық пен тығыз қарым-қатынас байланыстырады. Ондағы миссиямыз – тұлғаны дамыту мен оқу міндеттерін жүзеге асыруға көмек беру. 

Соңғы қоңырауға қатысқан емхана өкілдері ата-аналарды балалар өміріндегі маңызды сәттерімен құттықтады. Іс-шарада балалар және әйелдерді босандыру жөніндегі  басшысы Ж. А. Танлашева, педиатрия бөлімінің меңгерушісі Г.А. Абишева және дәрігер-сарапшы Тышкевич Ф.А. өз құттықтау-лебіздерін білдірді. 

Барлық мектеп оқушыларын оқу жылының аяқталуымен құттықтаймыз, жаңа жетістіктерге жету жолында сарқылмас күш-қуат, ал түлектерге жаңа белестерді бағындыра беруін тілейміз!




Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу