Астана қаласы әкімдігінің "№ 1 қалалық емхана" ШЖҚ МКК

Қазақстан, Астана, Сейфуллин к-сі, 28
+7 (7172) 39 99 78
+7 (7172) 22 68 04
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

Тұмау, ЖРВИ және пневмококкты инфекцияның алдын алу бойынша Ашық есік күні өтіп жатыр

«№1 қалалық емханада» тұмау, ЖРВИ және пневмококкты инфекцияның алдын алу бойынша Ашық есік күні өтіп жатыр. Медицина қызметкерлері тұрғындар арасында тұмауға қарсы дер кезінде екпе жасатудың қажет екендігін айтады. Балалар мен қарт адамдарға жоғарыда аталған аурулар қиынға соғатынын атап өту қажет. Сондықтан дәрігерлер аурудың алғашқы белгілері байқалған кезде медициналық көмекке жүгінуге кеңес береді. Салауатты өмір салты, дұрыс тамақтану, толыққанды демалыс ағзаның тұмауға, ЖРВИ мен пневмококк инфекциясына қарсы тұруына көмектеседі. Аурулардың алдын алу үшін келесі ережелерді есте сақтаңыз:

- Адамдар жиналатын жерлерде арнайы маскалар пайдалану;

- Қолды мұқият жуу және дезинфекциялық ерітінділермен өңдеу;

- Үй-жайдың ауасын тазартып отыру.



Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу