Астана қаласы әкімдігінің "№ 1 қалалық емхана" ШЖҚ МКК

Қазақстан, Астана, Сейфуллин к-сі, 28
+7 (7172) 39 99 78
+7 (7172) 22 68 04
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

Ең дұрыс емдеу – аурудың алдын алу және гигиена


1. Жаз мезгілінде ағзадағы тұз бен судың балансын сақтау адамның физиологиялық күйіне оң әсер етеді. Дәрігерлердің пікірінше ыстық мезгілде болатын әлсіздік осы қарапайым ережені сақтамағаннан туындайды. Тәулігіне жоқ дегенде 1,5 литр су ішкен пайдалы. Ол таза су, шырын немесе шай болуы да мүмкін. Бұл жерде ескертетін бір жайт. Газдалған сусыннан бас тартқан дұрыс. Олар шөлді басудың орнына ағзаны сусыздандырып жібереді.

2. Жаз мезгілінде қияр, қарбыз және қауынға басымдық берген дұрыс. Себебі олардың су-тұз тепе-теңдігін реттеуге қабілеті бар.

3. Салауатты өмір салтын ұстануға көмектесетін басқа да мүмкіндіктерді қарастыруға кеңес береміз. Мысалы, таңертеңгілік немесе кешкілік серуен, жүгіру, суда жүзу.

4. Бұл кезеңде тамақ өнімдеріне де үлкен жауаптылықпен қарау керек. Тез дайындалатын тамақ түрлерінен бойды аулақ ұстап, тіпті балмұздақты сатып алғанда да сақтық ережелерін ескерген жөн.

5. Көкөніс пен жеміс-жидекті тұтынбас бұрын жақсылап жуу керек.

Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу