Астана қаласы әкімдігінің "№ 1 қалалық емхана" ШЖҚ МКК

Қазақстан, Астана, Сейфуллин к-сі, 28
+7 (7172) 39 99 78
+7 (7172) 22 68 04
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

ӘР ЕМХАНАДА ПАЦИЕНТТЕРДІ ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТІ БАР: БҰЛ НЕ ЖӘНЕ ОЛ ҚАЛАЙ СІЗГЕ КӨМЕКТЕСЕДІ?

Астана қаласы № 1 қалалық емханада Пациенттерді қолдау қызметі жұмыс істейтінін ескертеміз. Бұл қызмет МӘМС аясында медициналық көмек алуға байланысты кез келген мәселені шешуге көмектесу үшін арнайы құрылған.

Пациенттерді қолдау қызметі – жазылу, жолдама алу немесе көрсетілген медициналық қызметтердің сапасына қатысты туындаған кез келген мәселелер бойынша сіздің бірінші көмекшіңіз. Қызмет мамандары сіздің өтініштеріңізді тыңдап, ұсыныстар беріп, мәселені шешуге көмектеседі.

Біз, бұл қызметтердің жұмысын қолдай отырып, әрбір пациент емделу кезеңдерінің барлығында қамқорлық пен сенімділікті сезінуі үшін әрекет етеміз.


Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу