«Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы» КММ тәрбиенушілері мектепке дайындалуда
18 мамырда №1 қалалық емханада Ашық есік күні аясында оларға профилактикалық медициналық тексерулер ұйымдастырылды. Балалар мектепке дайындығын растау үшін педиатр, невропатолог, хирург, тіс дәрігері, офтальмолог, оториноларинголог, психолог кабинеттерінде салалық мамандардың диагностикасынан өтті. Сонымен қатар, кейбіреулері әрі қарай ем қабылдау үшін тіс дәрігерінен тіс пломбасын алды.
Тексеру барысында балалар сүйкімді эмоциялармен, тамаша көңіл-күйлерімен бөлісе отырып, біздің дәрігерлермен қуана суретке түсті және тәтті сыйлықтарға ие болды.