Ашық есік күні
2019 жылғы 20 қарашада Дүниежүзілік өкпенің созылмалы обструктивті ауруына қарсы күрес күніне орайластырылған «Еркін тыныс ал!» Ұлттық бағдарламасы аясында «№ 1 қалалық емханада» Ашық есік күні өтті. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты мен міндеті - өкпенің созылмалы обструктивтік ауруы туралы халықтың хабардар болуын арттыру, зиянды әдеттерге, темекі шегуге, ішімдікке, гиподинамияға және дұрыс тамақтанбауға қарсы тұрақты мінез-құлықтың алдын алу және қалыптастыру. Емхана дәрігерлері емделушілерге диетаны сақтау, дене белсенділігі мен салауатты өмір салтының пайдасы туралы ұсыныстар берді. Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы темекі түтіні, үй-жай ішіндегі ауаның ластануы, химиялық заттардың булануы, созылмалы астма кезінде дамиды. Бұл жазылмайтын ауру, десек те емдеу амалдарын жүргізу арқылы ауру белгілерін жеңілдетуге, өмір сапасын жақсартуға және өлім қаупін азайтуға мүмкіндік бар.