"Қоғамдастықтардың шешуші рөлі" атты акция өтті
2019 жылдың 22 қарашасында «Хан Шатыр» ойын-сауық орталығында АИТВ және ЖИТС-ке қарсы күреске орайластырылған «Қоғамдастықтардың шешуші рөлі» атты акция өтті. Аталмыш іс-шараны ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы, Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығы, Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы ұйымдастырған болатын. Акцияға «№ 1 қалалық емханадан» әлеуметтік қызметкерлер, СӨС дәрігері, психологтар қатысты. Елорда тұрғындары мен қонақтары эспресс тестілеуден өтіп, АИТВ және ЖИТС туралы пайдалы ақпараттармен танысты. Сонымен қатар акция барысында тақырыптық сұрақтар да қойылды. Шараның басты мақсаты – АИТВ және ЖИТС туралы халықты ақпараттандырып, олардың өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауына ықпал ету.